Астанада жұмысшы мерт болды: тергеу басталды

Полиция дерегінше, 41 жастағы ер адам нысанның қасбетін жөндеп жатқанда аспалы құрылғының тросы үзіліп кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада жұмысшы жаңадан салынып жатқан үйдің жетінші қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv

Полиция дерегінше, 41 жастағы ер адам нысанның қасбетін жөндеп жатқанда аспалы құрылғының тросы үзіліп кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Құзырлы орган бұл іске қатысты қауіпсіздік талаптарының бұзылу дерегімен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 «14 желтоқсанда құрылыс нысанында жұмыстар жүргізу барысында аспалы көтергіштің тросы үзіліп кеткен. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде», – деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шәуленова.

 

 

Новости партнеров