Полицияның мәліметінше, жүргізушінің кім екені анықталған
Астанада жол талғамайтын көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ұл баланың жолдан жасыл шам жанғанда өтіп бара жатқаны анық көрінеді. Сол сәтте оны көлік қағып кеткен. Абырой болғанда, жасөспірім ауыр жарақат алмай, орнынан өзі тұрған. Алайда жүргізуші тоқтап, баланың жағдайын білудің орнына, оқиға орнынан ізін суытыпты. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің кім екені анықталған. Ал көлігі айып тұрағына қойылды.
«Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделенгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Сайран Кильдибекова.
Оқи отырыңыз: Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды