Баланың анасы тілі енді шыға бастаған ұлының оқиғадан кейін сөйлемей қойғанын айтып отыр
Астанадағы балабақшада бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші жұмысынан қуылды, деп хабалайды Almaty.tv.
Оқиға шаһардағы «Алтоша» бөбекжайында болған. Үш жастағы баланың анасы ұлының денесіндегі көгерген іздерді байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуді талап еткен. Видеодан тәрбиешінің бүлдіршінді жұлқылап, басын қабырғаға соққанын көруге болады. Кейінірек сурет салып отырған жерінен қолындағы қағазын жұлып алып, басқа қызға беріп, жылаған баланы аямай ұрған.
Полиция шақырғаннан кейін тәрбиеші «өз-өзіме қол жұмсаймын» деп қорқытыпты. Құзырлы орган оның үстінен қылмыстық іс қозғаған. Баланың анасы тілі енді шыға бастаған ұлының оқиғадан кейін сөйлемей қойғанын айтып отыр. Қалалық Білім басқармасы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Жекеменшік балабақшада 3 жастағы балаға тәрбиешінің күш қолданған фактісі расталды. Қазіргі уақытта тәрбиеші жұмысынан босатылды. Басқарма мамандары балабақша тәрбиешілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тарапынан сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын атқаруда», – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.
Оқи отырыңыз: Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды