Алдағы тәулікте зақымданған пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталмақ
Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді. Жалынмен күреске 65 құтқарушы мен 12 арнайы техника жұмылдырылып, тілсіз жаудың таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында жедел штабта жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, таңға жуық Астанадағы мейрамханадан өрт шығып, жалын сегіз қабатты тұрғын үйдің қасбетіне тараған.
«18 қыркүйек 2025 жылдың 03 сағат 58 минутта Есіл ауданы Достық көшесі 12 мекенжайы бойынша орналасқан мейрамхананың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына нөмірі 3-ші шақырту бойынша жеке құрам жіберілді. Бөлімшелер келіп жеткенде мейрамхана және сыртқы қабатының жанып жатқаны анықталды. 04 сағат 35 минутта өрт оқшауланды», – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев.
Алдағы тәулікте зақымданған пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Бұл шығындарды әкімдік пен дәмхана иелері бірігіп көтереді. Ал тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында әйелі күйеуі мен ұлының жұмысын үйлестіріп, есірткі жеткізіп отырған