Жетісу облысында әйелі күйеуі мен ұлының жұмысын үйлестіріп, есірткі жеткізіп отырған

Отбасы мүшелері Алматы мен Жетісу өңіріне есірткі тасымалдаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында бүтін бір отбасының есірткі тасымалымен айналысып келгені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірнеше күдікті құрықталған. Нақтырақ айтсақ, Алматы-Өскемен тас жолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы ұлын тоқтатып, автокөлік салонынан 19 келі марихуана тапқан. Тексеру кезінде отбасының тағы бір мүшесі 66 жастағы әйелдің де қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Ол телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісу өңіріне есірткі жеткізіп отырған.

«Оның үйінен тінту кезінде тағы 1 келі есірткі табылды. Сонымен қатар тінту кезінде күдіктілердің  негізгі жеткізушісі  Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оның фазендасынан 10 келіден астам кептірілген марихуна шықты. Осылайша барлығы  30 келіге жуық есірткі тәркіленді. Барлық күдіктілер қамауға алынды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Қалықова.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда әкім орынбасарлары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Ійелі күйеу мен ұлының жұмысын үйлестіріп, есірткі жеткізіп отырған

Новости партнеров