Оны сөндіруге 100-ден аса маман мен 30 шақты техника жұмылдырылды
Астанада да апат. Өткен түні үш қабатты қонақүйде өрт болды. Абырой болғанда, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызыл жалын әп-сәтте күшейіп, ғимараттың үлкен бөлігін қамтыған. Ал құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, апатпен екі сағат арпалысыпты. Нәтижесінде, өрт көрші ғимараттарға таралмай, азаматтар аман қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, от шарпыған аумақ шамамен 800 шаршы метрге жеткен. Оны сөндіруге 100-ден аса маман мен 30 шақты техника жұмылдырылды. Қазір себеп анықталып жатыр.
«Оқиға орнына Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Сағат 20:57-де оқиға орнына жеткен кезде қонақүй, кафе және сауна шатырының жанып жатқаны анықталды. Өрт орнына күштер мен техника жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Сағат 23:17-де өрт толық оқшауланды», – деді қалалық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков.
0қи отырыңыз: Ақтөбеде түрме ішіндегі бейнебақылау камерасын сындырған адам, қайта сотталды