Астанадағы жол апаты: Көлігі бұзылған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

09.10.2026 14:11

Кісі қаққан көлік коммуналдық тұраққа қойылды

Almaty.tv

Астанада көлігі бұзылып, тоқтап тұрған жүргізушіні өзге автомобиль қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы оқиға түнгі уақытта Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның дерегінше, Volkswagen Passat жүргізушісі жүк салғыштың жанында тұрған кезде, оны Hyundai Tucson соққан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кісі қаққан көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды

 

 

 

 

 

 

 

Толық көрсету