Астананың екінші әуежайы қай ауданда салынуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Министр ықтимал инвестор мен жобаның құны туралы сұрақтарға жауап берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Астананың екінші әуежайын салуға қай аудан қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Қазіргі уақытта екі негізгі орын қарастырылып жатыр. Басымдық Балқарағай бағытына берілген. Нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін белгілі болады. Бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Негізгі екі орын қаралуда, соның бірі — Балқарағай бағыты", — деп жауап берді министр тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, министр ықтимал инвестор мен жобаның құны туралы сұрақтарға жауап берді.

"Жаңа әуежайлар өте ауқымды болып салынғандықтан, оған үлкен инвестиция қажет. Қазір серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Үлкен әуежайлар сала алатын технологиялық серіктес те, инвестициялық серіктес те керек. Бұл жобамен толыққанды Астана әкімдігі айналысып отыр, олар бірқатар компаниямен келіссөз жүргізуде. Әзірге келіссөздердің нақты жай-жапсарын айта алмаймын", — деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Алматы вокзалы туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары айтқан сын-ескертпелерге пікір білдірген.

Оқи отырыңыз: Үкімет инфрақұрылымды, сервис пен техниканы жаңарту бойынша жұмысты күшейтеді

Новости партнеров