Референдумға дейін:
22
күн
16
сағат
30
минут

Ашық есік күні: 21 ақпанда Бейнеуде сарбаздар ата-анасымен кездесе алады

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Балаларының қызметіне қатысты қажетті түсініктемелер беріліп, барлық тақырып ашық диалог форматында талқыланады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылдың 21 ақпанында Бейнеу кентіндегі Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 99116 әскери бөлімінде әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздардың ата-аналары үшін Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара әскер қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің отбасыларымен сенім мен тікелей диалогты нығайту мақсатында өткізілмек.

Әскери бөлім басшылығы мен бөлімше командирлері ата-аналармен кездесу өткізіп, толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап береді. Балаларының қызметіне қатысты қажетті түсініктемелер беріліп, барлық тақырып ашық диалог форматында талқыланады.

Бұл күні ата-аналар жауынгерлік даярлық барысы, күн тәртібі, қызмет өткеретін орындар, тамақтану және жеке құрамның демалу шарттарымен таныса алады. Бөлімшелердің материалдық-техникалық базасы көрсетіледі. Бұдан басқа тәрбие жұмысы, психологиялық қолдау және әскери қызметшілерді Отанды қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға даярлау мәселелері де түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің ата-аналарымен өзара іс-әрекет әскердің ашықтығының маңызды элементі екенін атап өтіп, іс-шараға белсенді қатысуға шақырады

Оқи отырыңыз: Жағымды ашып, тамақ ішіп жүрмін: әскерде жарақат алған сарбаздың жағдайы қалыпты

Новости партнеров