Жас ерекшелігі мен тіркелген мекенжайы маңызды емес
2026 жылғы 30 мамырда Қазақстанның барлық мемлекеттік онкологиялық орталықтарында меланома, тері обыры және қалқанша безі обырының алдын алу мен ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Іс-шараның мақсаты - халықтың онкологиялық сауаттылығын және онкологиялық қырағылығын арттыру, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату.
Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін барлық ниет білдірушілер тегін:
Қабылдауды жетекші онколог мамандар жүргізеді. Жас ерекшелігі мен тіркелген мекенжайы маңызды емес. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлік болуы қажет.
Дәрігерлер келесі белгілерге ерекше назар аударуға кеңес береді:
Меланома / тері обыры:
Қалқанша безі обыры:
Бұл белгілер әрдайым қатерлі ісікті білдірмейді, алайда маманның уақтылы консультациясын талап етеді. Ісіктерді ерте анықтау емнің тиімділігін айтарлықтай арттырып, өмір сапасын сақтауға және мыңдаған адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.
Барлық ниет білдірушілер өңірлік онкологиялық орталықтарда, сондай-ақ Алматы қаласы, Абай көшесі, 91 мекенжайында орналасқан ҚазОжРҒЗИ-да тегін консультациядан және тексеруден өте алады
Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық гастрономиялық фестиваль басталды