Алматыда халықаралық гастрономиялық фестиваль басталды

Биылғы іс-шараға Қазақстан, Германия және Ресейден 120-ға жуық жас маман қатысып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Болашақ аспаздар, наубайшылар мен кондитерлер бәсекесі. Алматыда халықаралық гастрономиялық фестиваль басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Биылғы іс-шараға Қазақстан, Германия және Ресейден 120-ға жуық жас маман қатысып жатыр. Бағын сынауға келгендер Алматы мемлекеттік бизнес-колледжінің заманауи базасында «Алтын шеф-аспаз», «Алтын наубайшы» және «Алтын шеф-кондитер» кубоктары үшін таласып жатыр.

«Бұл фестиваль16 халықаралық гастрономиялық «Дело рук» негізінде 16-рет өткізіліп жатыр, ал Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Фестиваль аясында аспаздар, кондитерлер, поварлар, наубайшылар түрлі номинациялар бойынша шеберлігін көрсетеді», – деді колледж директорының Оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлжалғас Дүйсенбаева.¤

Айта кетейік, былтырғы мерейтойлық 15-фестиваль тек отандық 11 колледж студенттерінің басын қосқан болатын. Биыл жоба ауқымы кеңейіп, қатысушылардың географиясы халықаралық деңгейге шықты. Іс-шараның ашылуында шетелдік қонақтар үміткерлерге сәттілік тілеп, жұмысшы мамандықтарының мәртебесіне тоқталды. Жас таланттардың шеберлігін әлемдік деңгейдегі 25 халықаралық сарапшы бағалап жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды фестивальдің мықтылары ертең өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде анықталады.

«Халықаралық фестивальда ет тағамымен қатысып жатырмын. Қозы етінің сүбе қабырғасын алдым, гарнирге маринадталған Рамиро бұрышы саламын», – деді қатысушы Арлан Жанай.

Оқи отырыңыз: Алматыда мейрамханаларда қатты және сұйық отын жағуға тыйым салынады

Новости партнеров