Саланың жетекші мамандары бас қосқан жиында Конституцияға енгізілген өзгерістер талдады
Конституция тек адам мен мемлекет арасындағы қатынасты емес, қоғамның әрбір мүшесінің арасындағы өзара байланысты нығайтады. Соның арқасында сенім қалыптасып, әділеттілік пен тәртіп орнығады. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ата заңның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылған пікір, деп хабарлайды Almaty.tv.
Саланың жетекші мамандары бас қосқан жиында Конституцияға енгізілген өзгерістер талданып, адам құқығын қорғауды күшейту жолдары қаралды. Онға жуық елден келген сарапшылар пікірін айтып, қатысушылар болашаққа арналған міндеттерді де айқындап, бұған дейін жеткен нәтижелерге баға берді.
«Кез келген елдер дамыған, құқықтық жағынан жетілген болып саналады, егер, тек қана сот, тек қана тергеу емес, басқа да балама жолдары болса. Дауды шешетін балама жолдың бірі – медиация. Орталық Азия елдерінде алғаш Қазақстанда заң қабылданды, ірине мақтаныш!» – деді Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының вице-президенті Жанділдә Жақыпов.
«Отыз жылда не өзгерді? Тұрақтылық қалыптасты. Қазақстан дами бастады. Өңір-өңірді байланыстыратын жолдар салынды. Ал мұның бәрі – татулық, құрмет, бейбітшілік пен азаматтарды қорғау сынды іргесі ертеде қаланған қағидалардың жемісі. Міне, Конституция – осы!» – деді ҚХА Алматы қаласы филиалы төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев.
Оқи отырыңыз: Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты