Ата заң-30: Астанада халықаралық конференция басталды

Келесі сессияларда Конституциялық тұрақтылық, заң мен тәртіп мәселелері қаралмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды. Оған 18 елден 32 делегат қатысып, пікір алмасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында Ата заңның әділдік пен теңдікті қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқығын қорғаудағы және сот төрелігіне қол жеткізудегі маңызы талқыланып жатыр.

Бүгінгі сессияда сот төрелігін жетілдіру жолдары кеңінен қаралады. Негізгі тақырыптар – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыру, тараптардың теңдігін қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар сот процесін цифрландырудың тиімділігі және азаматтардың Конституциялық сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігі ерекше назарға алынды. Жауапты органдар мұндай қадамдар құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

«30 жылдық аясында Конституциядағы өзгерістер, оның бағытары талқыланады. Құықтық информация адамдарға жетугі тиіс. Не болып жатырқанын, мемлекет тарапынан қандай кепілдік бар екенін білуі керек», – деді ҚР Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Дулат Құсдәулетов

Конференция ертең де жалғасады. Келесі сессияларда Конституциялық тұрақтылық, заң мен тәртіп мәселелері қаралмақ.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Ата заң елдің тұрақты дамуының кепіліне айналып, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын берік негіз болды.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік тұғыры: Биыл еліміздің Ата заңына 30 жыл

Новости партнеров