Тарихқа көз жүгіртсек, ең алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған
Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тарихқа көз жүгіртсек, ең алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Екі жылдан соң жалпыхалықтық референдум арқылы жаңа заң күшіне енді.
Мереке қарсаңында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде дөңгелек үстел форматындағы жиын өтті. Басқосуға ғалымдар мен ұстаздар, мәслихат депутаттары қатысып, ел тарихының еңселі кезеңдері жөнінде ой қозғады. Алаш қайраткері Барлыбек Сырттановтың атқарған еңбегіне, 2022 жылы конституцияға енгізілген өзгерістерге тоқталып, баяндама оқыды.
«Басты заңымыз Ата заңымыздың 30 жылдығы аталып өтілуде. Арнайы Үкіметтің қаулысыменен «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық жоспар бекітілген. Мерекеге орай, қаламызда бірқатар шаралар жоспарланып отыр. Ең басты шара – 30 тамызда Абай алаңында өтеді», – деді Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.
Оқи отырыңыз: Ата заң – тәуелсіздік тірегі: алматылық бүлдіршіндер құнды құжаттармен танысты