Вице-министр қазір инвестор іздестіріліп жатқанын жеткізді
Биыл ашылуы тиіс Атбасардағы локомотив құрастыру зауытының құрылысы басталмай жатып тоқтап қалған. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Көлік вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сөзінше, кәсіпорынды қытайлық инвестор салуы керек болған. Алайда ол қажетті қаражатты тарта алмай, жоба тоқтап қалған. Вице-министр қазір инвестор іздестіріліп жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Атбасарда локомотив құрастыратын зауыттың капсуласын салу рәсімі өтіп, оған вице-министр Мақсат Қалиақпаровтың өзі қатысқан. Жоспар бойынша, кәсіпорын биыл ашылып, 800 жұмыс орны құрылуы тиіс болған. Зауыттың құны 47 миллиард теңге деп бағаланған. Ал құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталуы керек еді.
«Ол зауыт Қытай инвесторларымен бірге салуға арналған. Бірақ Қытай тарапынан инвестор ақшасы кішкене болмай, созылып кетті. Қазір инвесторды ауыстырып, басқа инвестор іздеп жатыр. Бұл зауытты негізі жекеменшік инвестор салуы керек еді, ол өз бағдарламасын көрсетті, тек қарыз қаражатын тарта алмады», – деді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Оқи отырыңыз: Астанадағы ірі құрылыс дауы: Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеу жүріп жатыр