Бір автокөлік толық өртеніп кеткен
Атырау – Индер тас жолының 17-шақырымында жол оқиғасы болып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Екі көліктің де сау тамтығы қалмаған. Тіпті бір автокөлік толық өртеніп кеткен. Қазір полиция қайғылы оқиғаның жай- жапсарын анықтап жатыр. Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерді абай болуға шақырады.
«Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушілерді жол қозғалысын қатаң сақтауға, жылдамдықты белгіленген жерден асырмауға, қауіпсіздік арақашықтықты сақтауға, жол жағдайын ескеруге шақырамыз», – деді Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсот.
Оқи отырыңыз: Алатау салбұрыны – 2026: Сарыжазда ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтті