Атырау облысы Құрманғазы ауылында шенеунік өз-өзіне қол салды

Полиция департаменті ақпаратты растады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Құрманғазы ауылында шенеунік өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 30 қазанда түнде болған. 36 жастағы атқамінер өз үйінде қаза тапты. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған Қуаныш Мұсаұлының өліміне отбасылық жанжал себеп болған. Марқұм аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан. Ал әкімдік қайғылы жағдайға қатысты жақ ашпай отыр. Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Құрманғазы ауданында орын алған өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның толық мән-жәйін анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

Новости партнеров