Атырау облысында оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Жасөспірім аудандық аурухананың стационарлық бөлімінде ем қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Индербор кентінде 7-сынып оқушысын қатарластары соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv

Аяусыз тепкінің астында қалған жеткіншектің миы шайқалып, денесінің сау-тамтығы қалмаған. Қазір жасөспірім аудандық аурухананың стационарлық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Белгілі болғандай, балалар үзіліс кезінде ойнап жүріп, бір-бірімен сөзге келіп қалған көрінеді. Қазір сотқар оқушылармен ювеналды инспекторлар жұмыс істеп жатыр.

 «Бұл жағдай бойынша қадағалауға алмаған сынып жетекшісі кезекшілік атқарған мұғалімге, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорына сөгіс берілді. Сынып жетекшісі жұмыстан босатылды. Профилактикалық  шаралар жүргізіп тұрамыз», – деді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Дулат Хамзин.

Оқи отырыңыз: Елімізде қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілуі мүмкін     

Новости партнеров