Жүргізуші куәлігі болмаған: Шымкентте адам өліміне себепкер болған тұрғын сотталды

Апат салдарынан жолаушы көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жүргізуші куәлігі жоқ азамат адам өліміне себепкер болды. Оқиға биыл сәуір айында Шымкентте тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мәлім болғандай, айыпталушы көлігін тізгіндеп келе жатқанда қарсы бағытқа шығып кетіп, жол апатына түскен. Соның салдарынан жолаушы көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған.

Бүгінде тергеу аяқталып, кінәлі азаматқа сот үкімі шықты. 

«Айыпталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза сұрады. Ал жәбірленушілер сотталушыға кешірім бермейтінін айтты. Сот айыпталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол 5 жыл бойы көлік құралын тізгіндей алмайды», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қызылордада ауруханадағы алаяқтық әшкереленді

Новости партнеров