Атырау облысында 89,4 млн балық шабағы құтқарылды

elements.envato.com
elements.envato.com

Шабақтар тасқын кезінде жайылған суда жиналып қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында маусым айыннан бері 89 млн 481 мың балық шабағы құтқарылған. Шабақтар тасқын кезінде жайылған суда жиналып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтың айтуынша, Атырау қаласының маңындағы каналдар мен көлшіктерден құтқарылған шабақ саны 20 млн 393 мыңға жеткен. 

Ал, Махамбет ауданында 1 млн 308 мың, Индер ауданында 11 млн 410 мың шабақ құтқарылған. Сондай-ақ Ресей Федерациясымен шектесетін Құрманғазы ауданында құтқарылған шабақ – 56 млн 370 мың дана. 

Қазір жергілікті атқарушы органдар мен балық шаруашылығы саласындағы құрылымдардың, «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-нің қызметкерлері, аумақтық әскери бөлімнің сарбаздары шабақтарды құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Құтқарылған шабақтар оттегі толтырылған қораптармен тасымалданып, Жайық және Қиғаш өзеніне тірі күйінде жіберілді. Балық шабақтарының түрі әралуан. Оның ішінде сазан, табан, көксерке, жайын, мөңке шабақтары бар. Шабақтардың орташа салмағы – 14 грамм, - деп хабарлады Алмас Жұмашев. 

Новости партнеров