Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шаққан

Индер ауданында  зиянкеспен күрес әлі де жалғасып жатыр 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Индер ауданында 9 адамды қарақұрт шақты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Салдарынан ауруханаға түскен азаматтардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Аталған ауданда зиянкеспен күрес әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен төтенше жағдай енгізілмейді.

Айта кетейік, биыл 160-қа жуық малға қарақұрт қырғидай тиіп, алтауын сеспей қатырыпты. Ал былтыр улы жәндіктен 13 адам, 40 шақты төрт-түлік зардап шеккен.

«Ине кіргендей шымыр ете қалады. 5-10 минуттан кейін адамның өзіне белгілі бола бастайды. Бел омыртқаның тұсы аурады, аурудың күші көбейе бастайды. Қара терге түседі, жүрегі қысылады. Әркімнің өзінің қандай хроникалық аурулары бар, солар қозады», – деді дәрігер-токсиколог Бауыржан Рахметов.

Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: Шымкентте оқушының денесіне өз үйінен табылды

Новости партнеров