Атырау облысында браконьердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.02.2026 18:05

Жымысқы әрекетке барған 36 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Атырау облысында браконьерлікпен күрес күшейді. Өңірде биыл заңсыз балық аулап, жымысқы әрекетке барған 36 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік органдардың қатысумен құрылған арнайы мобильдік топ барлық өзен аймағын тәулік бойы күзетіп жатыр. Әйтсе де құзырлы орган өкілдері соңғы жылдары заңды белден басатындардың саны азайғанын алға тартады.

«Облыс прокурорының тапсырмасы негізінде қоршаған ортаны қорғау бағытында жауапты органдармен бірнеше мобильдік топ құрылды. Мобильдік топта 10 қызметтік көлікпен 2 аэроқайықпен 5 квадрацикл мен және басқа да құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінде заңсыз ауланған 513 кг балық 57 дана балық аулау құралдары және 5 мотокөлік тәркіленді. Осы бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деді Атырау облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының орынбасары Ерік Мұханбетов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады