Референдумға дейін:
24
күн
2
сағат
59
минут

Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады

Күнделікті 20 адам жұмысқа тартылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында адамның өміріне қауіп төндіретін снюс, яғни түтін шығармайтын темекі өнімдерін дайындап, таратумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшылары Келес пен Ордабасы ауданының аумағында орналасқан 3 жасырын цехты анықтаған. Өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылған. Оған күнделікті 20 адам жұмысқа тартылған. Ал тыйым салынған улы заттар жүйелі түрде еліміздің барлық өңіріне таратылып отырған. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 миллионнан аса дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 миллион қаптама пакет, түрлі хош иістендіргіш пен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ арнайы жабдықтар тәркіленді. Олардың көлемі шамамен 60 миллион дана снюс өндіруге жеткілікті болған.

«Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі снюс құрамында никотин мен улы химиялық заттар бар, ол тез тәуелділікке әкеледі, ауыз қуысының шырышты қабатын зақымдайды, жүрек-қантамыр аурулары мен улану қаупін айтарлықтай арттыратынын ескертеді», – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Шылымның ішіне пенопласт толтырған: Қостанайда 5 ер адам бас бостандығынан айырылды

Новости партнеров