Қазақстанда онлайн-казино ұйымдастырған халықаралық қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер істі Грузиядан басқарып отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда онлайн-казино ұйымдастырып, оны Грузиядан басқарған күдіктілер ұсталды. Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар жеке басын жасыру және ақша айналымын бақылауды қиындату үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттарын пайдаланған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер арқылы ақша тігіп, ұтысын қолма-қол қаржыға айналдыруға мүмкіндік берген. Нәтижесінде оған 20 мыңнан аса адам тіркелген. Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан аса дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен заңсыз қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асқан. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

«Сонымен қатар ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни «дропперлердің» шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған. Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды», – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды