Атырау облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеруді сұрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, 112 пультіне Исатай ауданында Тұщықұдық ауылына жақын жерде адамдармен бірге көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.

"Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жеткен кезде қар құрсауында жеңіл автокөлік қалып қойғаны анықталды, көлікте 2 адам болған", - делінген хабарламада.

Лебедканың көмегімен автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге дейін жеткізілді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тасжолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Мұз ойылып, суға кеткен: Екібастұзда полицей балықшыларды құтқарды

Новости партнеров