Атырау облысында отбасының жоғалып кетуіне күйеу баласының қатысы болуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

!здеу жұмыстарына төтеншеліктер жұмылдырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында бүтін бір отбасы мүшелерінің із-түссіз жоғалып кетуіне күйеу баласының қатысы болуы мүмкін. Туыстарының айтуынша, жанұядағы адамдар соңғы рет қызы мен күйеу баласы үйге барған соң ғайып болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүйім жұртты дүрліктірген оқиға қарашада болған. Тұтас отбасының мүшелері «дәрігерге қараламыз» деп кетіп, қорадағы малы мен үйін тастап ұшты-күйлі жоқ. Алғашқы болып үйдің ұлы Наурыз Ақтауға жұмысқа кеттім деп, сол күйі оралмаған. Үй-ішімен ара тұра хабарласқанымен соңғы бірнеше айда мүлдем байланыс үзіліпті.

«Тәтелерге телефон соғып «жұмыстамын, қолым тимейді» деген. Бірақ кейінгі кездері жеңешем телефонын алмайтын болған. Әдемідеген апам, қарындасы,  Мақсот үшеуі «жеңгемді емханаға қаратып жатырмыз» деп айтатын көрінеді. Сосын біз Наурызға хабарластық, жаздық, оқиды, бірақ жауап жоқ», – деді отбасының туысы Асила Мұқанғалиева

Туыстары бұл оқиғада бір шикілік бар деп есептейді. Олардың айтуынша үй иелері қызы мен күйеу баласы соңғы рет былтыр қараша айында барғаннан соң жоғалған. Сондықтан олар күйеу баласының бұл оқиғаға қатысы болуы мүмкін деп топшылайды.

«Ауыл адамдары қарашада байқаған. Кеше хакерлер қараса, күйеу бала мен қыз 5 қарашаға дейін Жангелдин ауылына барған. Содан кейін аға-жеңгем ұшты-күйлі жоғалған. Білмейміз немен кетті? Құдағидың үйіне барып, сұрадық. «Балам Ақбаянды қаратуға алып кетті»-деді. Соңғы рет анасына 11 қарашада хабарласқан», – деді отбасының туысы Асила Мұқанғалиева.

Ал құзырлы орган барлық күштік құрылымды іске қосып, Қазақстан аумағын бақылауға алғанын айтты. Сонымен қоса «отбасын алып кетті» деген қыз бен күйеу баласы Өзбекстан еліне өтіп кеткенін мәлімдеді. Ал бұған дейін, жат ағымның жетегінде кетті деген ақпаратты құзырлы орган жоққа шығарып, түрлі әлеуметтік желі арқылы тараған жалған ақпараттарға сенбеу керек екенін жеткізді.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Республика көлемінде бағыт-бағдар берілді. Жүрген жерлерін анықтау мақсатында облыс емес, тек қана республиканың түкпір-түкпірінде іздеу шаралары басталды. Емделу орындары тексерілуде. Азаматтардың құрылғылары Қазақстан аумағынан қосылып өткендері анықталды. Жалған ақпарт көп, сол себепті халықтан тек ресми мәліметке сеніңіздер деп сұраймыз», – деді Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Полиция бұған дейін отбасы мүшелерінің бір де біреуінде құқық бұзу әрекеті тіркелмегенін растап отыр. Көңілі алаң туыстары іс тоқтап қалмай, іздеу жұмыстары жалғасқанын қалайды. Ал іздеу жұмыстарына төтеншеліктер жұмылдырылған. Олар барлық өзен сағасын сүзіп шығып, ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, іздеуді жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Түрмедегі азаптау: сотталғандарға уақытында көмек көрсетпеген медицина қызметкерлері жауапқа тартылды

Новости партнеров