Атырау облысында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Мақат ауданында полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық оқиға тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция депратментінен хабарлағандай, оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған.

"Мақат ауданында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті. Тексеру барысында бір топ азаматтың қарсылық танытып, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны анықталды. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шекті", - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Ведомство мәләметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабымен қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлеріне қатысты кез келген заңға қайшы әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ауғанстанда су тасқыны болып, 77 адам қаза тапты

Новости партнеров