Атырау облысында тышқандарды улау шаралары жүріп жатыр

28.11.2025 14:36

Жауаптылар жағдай ушыға бастағанда дереу комиссия құрып, жұмысқа кәсіпкерлерді де тартқан

Атырау облысында тышқандарды жаппай улау шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Мамандар Махамбет ауданына қарасты бірнеше ауылды қоршауға алып, қаптаған кеміргіштермен күресіп әлек. Олар елдімекендердің айналасынан арнайы орлар қазып, улы дәрілерді сеуіп жатыр. Бұл дала тышқандарының үйлерге қоныс аударуын тоқтатуға көмектеспек. Жауаптылар жағдай ушыға бастағанда дереу комиссия құрып, бұл жұмысқа кәсіпкерлерді де тартыпты.

«Атырау облысы Махамбет ауданы бойынша кеміргіштер арқылы таралатын аурулар тіркелген жоқ. Мәлімет бойынша кеміргіштерге зерттеулер жүргізіліп олардың арасында оба және жұқпалы аурулардың қоздырғыштар анықталмағанын ескертеміз. Облыс бойынша эпидахуал тұрақты. Алаңдауға негіз жоқ. Дератизиялау жұмыстары ДСМ  Халық денсаулық жүйесінің кодексіне сай жүреді», – деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Зульфия Қайреденова.

Оқи отырыңыз: Мал ұрлығы: Ұлытау облысында 4 қылмыстық топ анықталды