Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, бір адам көз жұмды

Фото: Атырау облысының полиция департаменті
Фото: Атырау облысының полиция департаменті

Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы Мақат ауданының аумағында жеңіл көлік аударылып қалды. Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 20 қарашада таңғы сағат 05:30 шамасында болған. 

«Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы жолдың 480-шақырымы Subaru Legacy маркалы автокөлігі аударылды. Көліктің аударылуына 46 жастағы жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алды. Алайда, ол оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері жол апатының алдын алу үшін ұдайы бақылау жүргізеді. Соған қарамастан, жүргізушілер полицейлердің ескертуін елемейді. 

«Жыл басынан бері еліміздің батыс аймағында 219 адам жол апатынан қаза тапты. Осы өңірлерде 250-ден астам малды көлік қақты. Осындай жол апатына алдағы көліктен озу қағидасын бұзу себеп болып отыр. Сол себептен, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз: Қарағандыдан Павлодарға дейін жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды

Новости партнеров