Атырау облысында жол қайта салынып жатыр

19.09.2025 15:41

Көктемгі тасқыннан жолдың 500 метрі бұзылып, опырылып қалған

Атырау облысының Талдыкөл ауылында былтыр су тасқыны кезінде шайылып кеткен жол қайта салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, көктемгі тасқыннан жолдың 500 метрі бұзылып, опырылып қалған. Енді мұнда ұзындығы 6 шақырым болатын жаңа жол мен көпір жасалып, құрылысы жыл соңында аяқталмақ. Биыл облыс бойынша құны 58 млрд теңге болатын 250 шақырым жол жөнделуі тиіс. Оның ішінде тасқын салдарынан жарамсыз болған Махамбет, Индер ауданындағы 12 елдімекен қамтылған.

«Екі жағына бентонит төсеніштері төселді. Қиыршық тас тор жасалып, толтырылды. Үстіне қалыңдығы 21 см бетон, оның үстіне тағы 16 см тегістегіш қабат түседі. Соңғы қабаты 12 см асфальт төселеді», – деді жол учаскесінің басшысы Арғын Айтқалиев.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында бір үйдің екі баласы ыстық сорпаны үстіне төгіп алған