Жамбыл облысында 600 млн теңгенің темекісі тәркіленді

19.09.2025 15:42

Қазіргі уақытта жүк тиелген вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізілуде

ҰҚК баспасөз қызметі

Жамбыл облысында шекара қызметі темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметінің мамандары жүк пойызын тексеру барысында акциздік маркаларсыз 890 980 қорап темекі бұйымын анықтады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, темекілерді құрылыс материалдары түрінде жасырын әкелуге және ілеспе құжаттарсыз мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекет жасалған", - деп жазды ведомстводан.

Тәркіленген тауардың жалпы құны 600 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта жүк тиелген вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы күзгі ағаш отырғызу жоспарын талқылады