Ол жұмыс барысында сорғы стансасының аумағында жүрген
Атырау облысында жұмысшы абайсызда кәріз құдығына түсіп кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Құлсары қаласындағы «Достық» шағынауданында болған. 57 жастағы атпалдай азамат – «ЖылыойСу» мекемесінің қызметкері. Ол жұмыс барысында сорғы стансасының аумағында жүрген.
Айта кетейік, бұл – жыл басталғалы жұмыс орнында өліммен аяқталған бесінші жағдай
«Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы толыққанды тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз: Шерзаттың өлімі: Сотталғандар апелляцияға арыз берді