Бұған дейін күдікті деп танылған 29 жастағы күйеу бала мен үйдің үш баласы тек ел аумағында ғана іздестірілген
Атырау облысындағы із-түссіз жоғалған жанұяның ұлы мен қыздары әлі табылмай жатыр. Ал отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиева мен күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін күдікті деп танылған 29 жастағы күйеу бала мен үйдің үш баласы тек ел аумағында ғана іздестірілген. Қазір құзырлы орган өкілдері олардың соңғы жарты жылда барған қала ішіндегі барлық нысанды аралап жүр. Бейнекамералардағы жазбалар да зерттеліп жатыр. Ішкі Істер министрлігі дүйім елді алаңдатқан жағдай бойынша барлық күш жұмылдырылғанын айтты.
«Екі адамға халықарылық іздеу жарияланды. Отбасының қызы із түссіз жоғалу дерегімен, ал оның күйеуіне күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланды. Қазір оларды жедел ұстау, полиция бөліміне жеткізу шаралары жүргізіледі. Қазіргі таңда олардың қала аумағындағы 4- 5 айдың жүрген ізі бойынша барлық жерді тінту, іздестіру, ақпартты алу бағытындағы жұмыстарды жүргізуде», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Шымкентте қызды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды