Атырау өңірінде жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен

Атырау облысы ТЖД
Атырау облысы ТЖД

Қаза болғандардың 5-і аптап ыстық басталған маусым-шілдеде көз жұмған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетіп, мерт болды. Оның үшеуі — бала, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаза болғандардың 5-і аптап ыстық басталған маусым-шілдеде көз жұмған.

"Қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан жаз мезгілінде 5 адам суға батып қаза болды. Олардың қатарында 3 бала бар.  Жайық өзені бойында тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру жалғаса береді", — деді Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов. 

Сондай-ақ, құтқарушылар биыл сәуірде 2 ересек адамды, мамыр айында 1 баланы судан құтқарып қалған.

Өңірде қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, құтқарушылар қауіпті учаскелерді аралап, тұрғындарды мас күйде суға түспеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару жилеттерін киюге, сондай-ақ белгіленбеген және қауіпті жерлерде шомылмауды ескертеді. 

2025 жылдың маусым-шілде айларында жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша 83 адамға хаттама толтырылған.

Атырау облыстық ТЖД дерегі бойынша 2024 жылы 9 адам қаза тапқан. Олардың төртеуі бала екені айтылды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан өз қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен қарап, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстандағы тұңғыш құбырлы электр жылытқыштар өндірісін іске қосуға қаржы бөлінді

 

Новости партнеров