Ұлытау облысынан сақ жауынгерінің сүйегі табылды

Қазба жұмыстарының толық нәтижесі сараптамалық зерттеуден кейін белгілі болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысынан сақ жауынгерінің сүйегі табылды. Археологтардың айтуынша, бұл — ерте темір дәуірінде өмір сүрген, қоғамда жоғары мәртебеге ие болған тұлға, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған жауынгермен бірге көмілген алтын бұйымдар мен қару-жарақ дәлел бола алады. Қазба жұмыстарының толық нәтижесі сараптамалық зерттеуден кейін белгілі болады. Мамандар сүйектің нақты жасын, жерленген уақытын да сол кезде анықтамақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысымен 7 археологиялық нысанда зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 «Басында шашына оралған алтын қаңылтырдан иректеп жасалған бұйымдар бар. Оған қоса оң жамбасының тұсында жебенің ұштары бар. Бұл да осы сақтарға тән ұлттық белгілер. Осыған қарап, біз ескерткіштің мерзімін, жерлеу дәстүрін, осы өңірдегі мәдени ареалдың тарау шекараларын анықтаймыз», – деді археолог Сырым Есен.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайы Қытайдан жаңа бағыт бойынша алғашқы рейсті қабылдады

 

 

Новости партнеров