Атырауда 4 адамды өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев қанды қылмыстан кейін Меккеге барғанын айтты

16.06.2026 18:30

Сотта марқұмдарға тиесілі ұялы телефон, банк карталары және жеке құжаттар сынды айғақтар көрсетілді

Almaty.tv

Атырау облысы Жангелдин ауылында 4 адамды өлтірген айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қанды қылмыстан кейін Меккеге барып Құдайдан кешірім сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінгі сот отырысында айыпталушыдан жауап алынды. Ол сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын да баяндады. Сорақысы сол, бұл қылмысқа саналы түрде барғанын әрі еш аяушылық сезім білдірмегенін -  отбасын сақтап қалғысы келгенімен түсіндірді. Тіпті олардың ақшасын қайда, қалай жұмсағанын да мәлімдеді. Сондай-ақ сотта марқұмдарға тиесілі ұялы телефон, банк карталары және жеке құжаттар сынды айғақтар көрсетілді.  
Оқи отырыңыз: Алматылық құтқарушылар суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды