Интернет-алаяқтық: Атырауда 80 млн теңге жымқырған әйел ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Күдіктіге қатысты  қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмысын жасаған.

«Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда 31 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға және жеке деректерді құпия ұстау шақырады.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 10 мың гектар жер қайтарылды

Новости партнеров