Атырауда 9 жастағы баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Куәгерлер ер кісіні ұстамақ болған, бірақ күдікті құтылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда тапа-тал түсте 9 жастағы баланы ұрып-соққан ересек адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оқиға қаладағы Алмагүл ықшамауданында болған. Еңгезердей ер адамның жеткіншекті аяусыз соққыға жыққан сәті бейнежазбаға жазылып қалған. Абырой болғанда жеткіншек жеңіл жарақат алыпты.

Куәгерлер ер кісіні ұстамақ болған, бірақ күдікті құтылып кеткен. Қазір оның не үшін мұндай қадамға барғанын полиция анықтап жатыр. Оқиға куәгерлерінен жауап алынуда.

«Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып соғу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Бейнекамералардың жазбалары зерделенуде. Оқиғаның куәгерлерінен жауаптар алынуда. Жәбірленуші жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған, психологиялық көмек көрсетілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Көлік өрті көбейді: Шымкентте бір жылда 78 жағдай тіркелген

Новости партнеров