Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бес жастағы бүлдіршіннің ішінен "жын шығарған" атыраулық емші Кейқуат Оспанов әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспен жоқ. Қазір оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр", - деп қысқа қайырды прокуратура өкілі.
Еске салайық, желіде 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқан видео тараған болатын. Онда жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады.
Бұған қоса, видеоны Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тексеріп жатқаны айтылған.
"Емші кәмелетке толмаған балаға рәсім жасаған бейнежазбаға қатысты: аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Зәкиева.
Оқи отырыңыз: Павлодарда картопты қымбат бағаға сатып келген 8 дүкеннің иесі жазаланды