Атырауда алты күндік нәресте өз үйінде тұншығып қалды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Медицина қызметкерлері дереу әрекет етіп, Геймлих тәсілін қолданып, тыныс жолдарын ашқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №4 қалалық емхананың учаскелік медбикелері патронаждың прогрессивті үлгісі бойынша нәрестені тексеруге барған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарау барысында сәбидің жағдайы күрт нашарлап, көгеру, ентігу және тұншығу белгілері байқалған.

Медицина қызметкерлері дереу әрекет етіп, Геймлих тәсілін қолданып, тыныс жолдарын ашқан. Содан кейін нәресте шырышты қақырықты сыртқа шығарып, тынысы қалпына келген.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, нәресте Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда, әрі дәрігерлер бақылауында.

Оқи отырыңыз:  Жамбыл облысында әскери қызметші ауыр жарақат алды

 

 

Новости партнеров