Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

стоп кадр
стоп кадр

Лифт жоғары қозғала бастағанда, бала велосипедті ұстап тұрып, жерден көтеріліп кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы көпқабатты үйдің лифтінде бала зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Береке ықшамауданындағы үйлердің бірінде болған. 11 жастағы бала велосипедпен лифтке кірмек болған кезде, есіктері жабылып қалған. Бала сыртта қалып, ал велосипед есік пен лифт кабинасының арасына қысылып қалған.

Лифт жоғары қозғала бастағанда, бала велосипедті ұстап тұрып, жерден көтеріліп кеткен. Кейін лифт шахтасына құлап түскен. Абырой болғанда, бала тірі қалған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр жарақат алмаған.

Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда адамдар мінген гидроцикл аударылып қалған

Новости партнеров