Атырауда браконьерлерге қарсы күрес жұмыстары күшейтілді

08.05.2026 13:56

Заңсыз құрылған 555 ау шығарылған

«Бекіре -2026» акциясы басталғалы бері аймақта 400-ден аса заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv

Өзен арналары мен Каспий теңізі аумағынан құжатсыз жүрген 50-ге жуық су көлігі тоқтатылып, заңсыз құрылған 555 ау шығарылған.

«Жайық-Каспий» бассейніндегі жұмыстар Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында 31 мамырға дейін жалғасады.

 «Броконьерлік жолмен және сирек кездесетін, жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау актілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 14,7 млн теңге айыппұл салынды», – деді «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстембек Қорқытов.

Оқи отырыңыз: Елордада жаңа патрульдеу тәсілі іске қосылды