Атырауда ер адам суға секіріп кеткен: оқиғаға қатысты мән-жай белгілі болды

Қазір ер адам дәрігерлердің бақылауында

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда ер адам көпірден суға секіріп кеткен. Өз өміріне қол жұмсамақ болған адамның әрекетін байқаған тұрғындар дереу Төтенше жағдайлар қызметіне хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны судан аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір ер адам дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын қайықпен өзеннен өтіп бара жатқан әйел де суға батып кете жаздаған еді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға өз өмірі мен денсаулығына бейжай қарамауға кеңес береді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің имидждік және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы Әсия Көшкінбаева тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды.

«Көпір маңында немесе су жағасында адамның өміріне қауіп төндіретін жағдайды байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарлаңыз. Көмектесемін деп, өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Арнайы дайындықсыз суға түсуге болмайды. Сондай-ақ адамдардың жағдайына бейжай қарамай, қиын сәтте қолдау көрсетудің маңызы зор. Адам өмірі – ең басты құндылық», – деді ол.