Атыраудағы төбелес: екі күдікті ұсталды

22.01.2026 18:35

Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады

Атырауда түнгі барлардың бірінде төбелес шығарған 32 және 33 жастағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада екі ер кісінің бір адамға жұдырық жұмсап, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тағы бір адам оларды ажыратпақ болғанымен төбелес далада да жалғасқан көрінеді. Алайда жәбірленуші қатты соққы алғанына қарамастан дәрігер көмегіне жүгінбеген.

«18 қаңтарда 102 арнасына қаладағы мейрамханалардың бірінде белгісіз тұлғалардың құқыққа қарсы әрекет жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 32,33 жастағы екі күдіктіні анықтап, оларды ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Атырау облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Еспулаев.

Оқи отырыңыз: Қаскелеңде мектепте оқушы көз жұмды