Қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды
Атырауда есірткіні жасырын тығу әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және "Довира" этномәдени бірлестігі қала тұрғындары көп шоғырланатын Ретро саябағында ерекше әлеуметтік эксперимент жүргізді.
Полицейлер құрамында есірткі заты бар деп ойлауға болатын объектінің қауіпсіз үлгісін дайындап, оны саябақтағы қолжетімді орындарға жасырын орналастыру арқылы тұрғындардың реакциясын, хабарлау мәдениетін және қоғамдық жауапкершілігін тексерді.
Эксперимент барысында жасөспірімдер мен ересектер күдікті пакетті байқап қалып, мұндай жайттардың олардың да назарынан тыс қалмайтынын көрсетті.
Қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды, ал белсенділік көрсеткен жасөспірімдерге алғыс ретінде сыйлықтар табысталды.
"Құрметті тұрғындар, қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік. Егер күдікті жағдай байқасаңыз, 8 700 499 01 02 сенім телефонына хабарласыңыз", - деді полиция өкілдері.
Оқи отырыңыз: Алматыда өткен спартакиадаға 300-ден астам медицина қызметкері қатысты