Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

14.06.2026 12:56

Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді

Depositphotos.com

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитеінен хабарлағандай, екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.

Бүгін эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы басталды: ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салды