Атырауда қатарласы пышақтаған оқушы ауруханаға жеткізілді

16.03.2026 14:27

Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің  жағдайына қатысты ақпарат беруден бас тартты

Атыраудағы мектептердің бірінде сұмдық жағдай. 9 сынып оқушысы қатарласын оқу ордасының ауласында пышақтаған. Ауыр жарақат алған жеткіншек қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің  жағдайына қатысты ақпарат беруден бас тартты. Оқушылар арасындағы текетіреске не себеп болғаны әзірге беймәлім. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтауға кіріскен. Ал жеткіншек ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9 сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Сондай-ақ бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады», Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан көк байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды