Қазақстан көк байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Финалда Қазақстан туы Кирибати елінің туынан басым түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Reddit платформасында елдердің мемлекеттік туларын салыстыруға арналған ауқымды онлайн-турнир өтті. Плей-офф форматында өткен дауыс беру барысында қолданушылар әлемдегі ең әдемі туды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде Қазақстанның туы жеңімпаз атанды.

Финалда Қазақстан туы Кирибати елінің туынан басым түсті. Жартылай финалда Сейшел аралдарының туы жарыстан шығып қалды. Ал Бутан туы үшінші орынды иеленді бұл елдің туында айдаһар бейнеленген.

Осылайша, Reddit қолданушыларының дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі тулардың бірі ғана емес, бірінші орынға шыққан ту ретінде танылды.

Айта кетейік, бұл интернет қолданушылары арасында ұйымдастырылған бейресми онлайн дауыс беру

Дереккөз: Dalanews.kz.

Новости партнеров