Атырауда колледж студенттері жаппай төбелесіп, екі жасөспірім зардап шекті

Жаппай жұдырықтасқандар бірін-бірі таяқтың астына алып, тіпті ұру үшін бөтелке пайдаланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда колледж студенттері топтасып төбелесіп, бірнешеуі түрлі дене жарақатын алған. Бұзақылыққа барған ер баланың бәрі де қаладағы агроколледж студенттері болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жаппай жұдырықтасқан жігіттер бір-бірін таяқ астына алып, тіпті ұру үшін бөтелке пайдаланған. Соның салдарынан екі жеткіншек зардап шегіп, дәрігерлер бақылауына алыныпты.

Әзірге ұлдардың не үшін төбелескені белгісіз. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап жатыр. Оқиғаға қатысы бар төрт жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды

«Олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Сондай-ақ құқықбұзушылыққа жол берген жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, оларға қатысты іс-құжаттар кәмелкетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Новости партнеров