Атырауда облыстық мектеп-лицейдің шатыры өртке оранды

Өртті сөндіруге 10 техника мен 62 адам жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда облыстық мектеп-лицейдің шатыры өртке оранды. Қызыл жалын әп-сәтте тарап, қаланы көк түтін басты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, құтқарушылар келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіруге 10 техника мен 62 адам жұмылдырылды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.

«Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы мектеп-лицейінің төбе жабындысы өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 10 техника, 62 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт 12:57 минутта жойылды. Бөлімше қызметкерлері өрт аумағына жеткенге дейін персоналдық техника қызметкерлері сыртқа шыққан. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталатын болады», – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының Орынбасары  Жантөре Демешов.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда өз балаларына алимент төлемеген әке сотталды